|
Атауы |
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары |
|
Аймақтың негізгі сипаттамалары |
Шымкент қаласының ауданы - 116,3 мың га (елдің ауданының 0,04%), қала халқы 2020 жылға -1 074,2 мың адам (ҚР барлық халқының 5,6% құрайды). Қалалық маңызы бар 4 ауданы бар: Абай, Әл-Фараби, Енбекші және Қаратау. Шымкент қаласы - еліміздегі тарихы 2000 жылдан асатын көне қалалардың бірі. Қала Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара магистралдарымен қолайлы байланысы бар Орынбор-Ташкент халықаралық магистралі мен Түркістан-Сібір магистралінің бойында орналасқан. Шымкент қаласының әкімшілік аймағында кірпіш шикізатының 8 кен орны бар, олардың 4-уі пайдаланылуда, бентонит сазының 1 кен орны, 5 - резервтік кен орындар орналасқан. 1932 жылдан бастап Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келді, 2018 жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің №702 Жарлығы бойынша Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Шымкент - Қазақстанның дамыған инфрақұрылымы бар елдің өнеркәсіп өндірісіндегі өңірдің үлес салмағы 2,0% -ды құрайды, (бұл Қазақстан өңірлері арасында 12-орын) өндірістік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент - еліміздің республикалық маңызы бар үш қалаларының бірі. Қала Оңтүстік Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы болып табылады, сонымен қатар, ішкі және сыртқы туризмдерді дамыту үшін жеткілікті рекреациялық және табиғи әлеуеті бар. Шымкенттің ерекше маңызды объектілері-қаланың тарихи орталығы мен белсенді туристік дестинацияның перспективалы орны болып табылатын Көне қалашық пен Цитадель. Шымкент қаласының негізгі су артерияларына Бадам өзені мен Қарасу атты тармағымен қоса Қошқарата өзені жатады. Қалада жалпы ұзындығы 91 км болатын 9 канал бар, оның ішіне Бадам, Шымкент, Янгичек, Текесу, Қошқарата және т. б. кіреді. Шымкенттің мемлекеттік орман қоры мен жасыл аймағының жалпы ауданы 5332,7 га құрайды. |