Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы      23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласы әкімі орынбасарларының қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, Шымкент қаласы әкімдігінің басқармаларының хаттары,  далалық зерттеу актісі, Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, Оңтүстік айналма жол (Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін) құрылысына түсуіне байланысты осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан өткен «Павлодар-Шымкент» магистральды мұнай құбырының санитарлы-қорғау аумағына түсуіне байланысты осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  3. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында №5 автомобиль жолының құрылысы үшін осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  4. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Ақжайық шағын ауданындағы көше құрылысы үшін осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  5. Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, қолданыстағы Қошқар ата және Қарасу өзендерінің бойындағы рекреациялық демалыс аймағына түсуіне байланысты осы қаулының 5-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
қаз
Дата публикации
08 декабря 2022