2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі - Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.

 

 

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандық, қалалық мәслихаттары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні –                       29 қарашада басталады және 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(71-б. 1-т., 2-т.)

 

2. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –              8 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                          (13-б.  4-т.)

 

3. Таңдаушылардың тізімін жасау және оны облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының интернет-ресурстарында орналастыру.

 

 

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихаттары хатшыларының ұсынуы бойынша

Сайлау тағайындалғаннан кейін

                                                             (24-б. 9-т., 25-б. 2-т, 3-т.)

 

4. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы мәслихат шешімін кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге сайлау комиссиясына жіберу.

 

 

Мәслихаттар

Ұсыну кезеңінде

(71-б. 4-т.)

 

5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) қоятын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

 

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары

Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде

(4-б., 70-б., 71-б. 6 т.)

 

6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

 

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 5) т.т.), 31-б.)

 

7. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

 

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзім ішінде

(71-б. 6-т.)

 

8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

 

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін бес күн мерзім ішінде

(72-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсыну.

 

 

Парламент Сенатының депутаттығына кандидат пен оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тiркелгенге дейін

(73-б. 2-т.)

рус
Дата публикации
29 ноября 2022