«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №1509 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37, 39-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы         3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің    2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №1509 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің   15-тармағы мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:

«53) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді жүзеге асырады;».

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің     25-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

  «14) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;».

  1. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Нарбековаға жүктелсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Білісбековке жүктелсін.
қаз
Дата публикации
25 ноября 2022