«2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28043 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшасы осы қаулының  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

рус
Дата публикации
14 ноября 2022