29.10.2022ж. сағат 10:00 де Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Құнанбаев және комиссия төрағасының орынбасары А. Мамытбеков пен ұзақ мерзімді бақылаушылар Кристина Богданова (Ресей) және Кристфер Маккалоудың (АҚШ) кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты: 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының дайындығы жөнінде сұрақтар талқыланды.

 Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Құнанбаев Шымкент қаласына келген ұзақ мерзімді бақылаушылар Кристина Богданова мен Кристфер Маккалоуға Шымкент қаласының 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының дайындығымен таныстырды.

Кездесуде төмендегі сұрақтар қойылды:

  1. Сайлау комиссиясының құрамы қалай құрылады?
  2. Шымкент қалалық сайлау комиссиясында қандай партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұсынылған?
  3. Шымкент қаласы комиссияларының мүшелерін оқыту қалай жүргізіледі?
  4. Бірінші рет дауыс берген сайлаушы қалай дауыс береді?
  5. ҚР Презденттігіне кандидаттардан қанша сенімді тұлға тіркелді?
  6. Дауыс беру орнын қалай білуге болады?
  7. Қандай контингент ұсынылған және сайлау комиссиясының мүшелері қандай мерзімге сайланады?
  8. ҚР Президенттігіне кандидаттардың кездесулеріне қатыса аламызба?
  9. Басқа қаланың тұрғыны қалай дауыс береді?
қаз
Дата публикации
03 ноября 2022