QazNetEtiquette Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға арналған әдеп кодексі

«Өшпенділік тілі» – нақты бір адамға емес, ортақ белгілері бар адамдар тобына қарата айтылған өшпенді ой-пікір, көзқарас, мәлімдеме. Ол сөз, кескін немесе басқа да контент түрінде болуы мүмкін.  «Өшпенділік тілі» қандай да бір топтың дініне, ұлтына, азаматтығына, тұрғылықты жеріне, өзгеше көзқарасына және тағы басқа белгілеріне қатысты болады. Ең жиі кездесетіні – этникалық (ұлттық) белгілерге байланысты «өшпенділік тілі».

 

Өшпенділікті, араздықты әртүрлі тәсілмен көрсетуге болады. Сондықтан да тұтастай бір ұлтты қорлайтын әзіл-қалжыңнан бастап, қырып-жойып, өлтіруге шақыратын, үгіттейтін сөздерге дейін «өшпенділік тіліне» жатады.

 

Кез келген адам агрессор да, құрбан да болуы мүмкін. «Өшпенділік тілі» вирус секілді тез тарайды, жұғады. Онымен қоймай, «өшпенділік тіліне» өшпенділікпен жауап беріледі. 

 

«Өшпенділік тілінің» соңы қантөгіспен аяқталуы мүмкін. Желіде сыйластықты, әдепті қалыптастырсақ, қоғамды барынша мейірімді әрі өркенитетті етуге аз да болса үлес қоса аламыз.

 

Есіңізде болсын, ең маңыздысы – сөз бостандығы. Дегенмен сөз бостандығы абсолют ұғым емес және оның шегі бар. Өзгелердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына қауіп төндірсе, сөз бостандығына шектеу қойылады.

қаз
Дата публикации
01 ноября 2022