Президент сайлауына мүгедектігі бар азаматтардың қатысуына қолжетімділік бойынша ақпарат

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауына мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА)  қатысуына қолжетімділік қалыптастыру бойынша келесіні баяндайды.

01.11.2022 жылғы жағдай бойынша Шымкент қаласындағы МБА саны 38 703  адамды құрады. Оның ішінде:

- ересектер –  31 461 (І топ – 3 715, ІІ топ – 15 069, ІІІ топ – 12 677);

- балалар – 7 242.

МБА-ның жалпы санынан 13 мың МБА сайлауға қатыспауы болжамданып отыр:

  • 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 7 242 (психохроникалық – 1128);
  • Психохроникалық кемістігі бар МБА саны – 5 839 (балалар – 1128);
  • Сот шешімімен «әрекетке қабілетсіз» деп танылғандардың ішінен Басқармамен қорғаншылық тағайындалғандар саны – 1 084 МБА (2018 жылдан бастап);
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылар – 471 МБА.

Сондай-ақ дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылардың саны 7 514 респондентті құрайды:

  • Кресло-арбаны қолданушы МБА – 1 570;
  • Зағип және нашар көретін МБА – 4 196;
  • Саңырау және саңырау-мылқау МБА – 1 748.

Бұл санаттағы азаматтар үшін Басқармамен келесі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

Ымдау тілі маманының қызметін ұсыну бойынша

Қазіргі таңда ымдау тілі маманының қызметін алуға 448 МБА өтініш білдірген. Аталған азаматтарға 37 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді.

Ымдау тілі маманының көмегін қажет ететін МБА-ның сайлауға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Басқарма келесіні жоспарлап отыр.

Сайлау күні 37 ымдау тілі маманын «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығында жинап, интернет арқылы онлайн форматта («Viber», «Whatsapp» желілері арқылы) ымдау тілі қызметі көрсетілетін болады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 293 сайлау учаскесінде белгіленген қызметкерлерге планшет ұсынылады. 37 маман 4 ауданға бөлінеді. Әрбір ауданға өздеріне тиісті бөлінген ымдау тілі мамандарының қызмет көрсететін нөмірлері ұсынылады.

қаз
Дата публикации
03 ноября 2022