|
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну.
|
|
|
|
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталады және 11 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. (55-б., 66-1б.)
|
|
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында, 41-бабы 2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
|
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірмені кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмі туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күннің ішінде. (54-б.)
|
|
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.
|
|
|
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 2 қазаннан кешіктірмей. (13-б. 4-т.)
|