"Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 1579 қаулысы. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29161 болып
тіркелді


Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру
және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы"
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 141 болып тіркелген) қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:


көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу туралы"; көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

қаз
Дата публикации
19 октября 2022