Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28043 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов