«Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» 3-тоқсанның есебі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

2022 жылдың ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 167 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған.

Есептік кезеңге Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 7 745 118, жеке тұлғаларға: 7 738 839 және заңды тұлғаларға: 6279 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 74 648 (үлесі 0,9%), жеке тұлғаларға: 71 387 және заңды тұлғаларға: 3261 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 15 553, жеке тұлғаларға: 14 954 және заңды тұлғаларға: 599 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 59 095, жеке тұлғаларға: 56 433 және заңды тұлғаларға: 2662 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы:  7 670 470 (үлесі 99,1%), жеке тұлғаларға: 7 667 452 және заңды тұлғаларға: 3018 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 7 616 902, жеке тұлғаларға: 7 613 884 және заңды тұлғаларға: 3018 қызмет;
талдамалық анықтама
Дата публикации
28 октября 2022