2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша қысқаша ақпарат (жоба )

Мәслихаттың «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 75-бабына сәйкес, «Қаланың       2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы», «Шымкент қаласын дамытудың және оған құрылыс салудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары» және «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы негізінде қалыптастырылды.

 

Қаланың 2023-2027 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

 

Болжам бойынша Жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылғы 3 382,5 млрд. теңгеден 2027 жылы 4 523,1 млрд. теңгеге дейін артады.

Жалпы өңірлік өнімнің өсімі экономиканың нақты секторындағы көрсеткіштердің ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп көлемі 2023 жылғы 915 млрд.теңгеден  2027 жылы 1 258,5 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.

ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылғы 36,4 млрд.теңгеден 2027 жылы 49,7 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі жалпы өңірлік өнімде 2023 жылы 179,9 млрд. теңгеден 2027 жылы 262 млрд.теңгеге ұлғаяды деп күтілуде.

 

қаз
Дата публикации
20 октября 2022