Шымкент қаласының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (2 кезең)

І. 2021-2022 жылдардағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденциялары

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген міндеттерге сәйкес, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуымен, 2021-2022 жылдары жергілікті атқарушы органдардың жұмысы экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

2020 жылы бүкіл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты COVID-19 індетін таратпау жөніндегі қорғау шараларының қабылдауымен іскерлік белсенділіктің баяулауы белгіленіп,  экономиканың біраз салаларына теріс  әсерін тигізген болатын. Сауда кәсіпорындары, әсіресе импорт пен экспортқа тәуелді кәсіпорындар, қызмет көрсету саласы, көлік, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық салалары   үлкен залал алды.

2021 жылы жағдай жақсарып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылғы 812,9 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайызды құрады.

Бұл кен өндіру өнеркәсібінің 14,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің  2,3 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 10,4 пайызға, сумен жабдықтау 85,3 пайызға өсуі есебінен қалыптасты.

қаз
Дата публикации
17 октября 2022