Шымкент қаласында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Булатбековке жүктелсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

          Шымкент қаласының әкімі                                       М.Әйтенов

 

 

 

 

қаз
Дата публикации
13 октября 2022