«Республикалық маңызы бар қалалар, астана ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы:  Әкім аппаратының басшысы – Мауленкулов Г.П.

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы;  «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы  13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы маслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы маслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №21/185-VII шешімі. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қазандағы №2051 қаулысы.

Бюджеттiк бағдарламаның түрі мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың

мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Төтенше жағдайларды бақылау арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау сапасын жақсарту.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралармен қамтылғандардың үлес салмағы – қала тұрғындарының жалпы санының          ТЖ қаупі кезенде халықты хабардар ету деңгейі («Қауіпсіз ел» ҰЖ) 2021 жыл - 91,45%, 2022 жыл – 91,45%, 2023 жыл -  91,45%, 2024 жыл – 96,8%.

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар Шымкент қаласы азаматтарының өмірін сақтау үшін авариялық-құтқару, іздестіру, суға сүңгу және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жұғыл әрі сапалы жүргізуге бағытталған.

қаз
Дата публикации
12 октября 2022