Бюджеттік бағдарлама басшысы: Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы - Г.П. Мауленкулов
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы. «Бюждеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы. «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығы. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы маслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы маслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №21/185-VII шешімі. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қазандағы №2051 қаулысы.
Бюджеттiк бағдарламаның түрi:
мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру
iске асыру тәсiлiне қарай: жеке
ағымдағы/даму: ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Аумақтық қорғаныстың және облыс ауқымындағы аумақтық қорғаныстың резервін жаңартып отыруды қамтамасыз ету.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: 100 % Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қорларын жасау, жинақтау және уақтылы жаңарту.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi): Аумақтық қорғанысты даярлау және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар штаттан тыс қызметшілерге еңбек ақы төлеу. Аумақтық әскерлер әскери міндеттілерді патриотизмге, өз Отанына және оның Қарулы Күштеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.