Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Мауленкулов Г.П.
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Республикасының өзін-өзі 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және басқару туралы» №148 Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» №451қбп қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» №646 қбпү қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» №1002 бұйрығы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» №138 бұйрығы. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы маслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы маслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №21/185-VII шешімі. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қазандағы №2051 қаулысы.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету
іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму- ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар жүктелген қызметтер мен міндеттерді тиімді орындау үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларды ұстауға, сонымен қатар, басқа да қорлар мен негізгі құралдар алуға, коммуналдыққызметтерді төлеуге, ғимаратты ұстауға, басқа да негізгі құралдарды ұстау және жөндеуге бағытталған.
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы