2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу

 Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2022 жылдың  1 қыркүйектегі жоспар бойынша 344 669,1 теңге болса, нақты 386 103,3 млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 112,2%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 42 034,1 теңгеге артық орындалды.

Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:

-Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық- 2,4;

-Жер салығы – 2,0 есеге;

-Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық-2,1

 

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.09.2020 жылға – жоспар бойынша 74 768,9 теңге жоспарланып, нақты 83 328,3 млн.теңгені құрап, 111,4%-ға орындалған.

1.09.2021 жылға– жоспар бойынша 90 099,8 млн.теңге жоспарланып, нақты 105 097,4 млн.теңгені құрап, 110,7%-ға орындалған.

1.09.2022 жылға– жоспар бойынша 133 212,0 млн.теңге жоспарланып,нақты    167 866,7 млн.теңгені құрап,126,0%-ға орындалды.

Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда өзіндік кірістердіңжоспар-болжам 1,8 есеге артты, тиісінше түсімдердің нақты көлемі 2,0 есеге артты.

қаз
Дата публикации
05 октября 2022