«Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 505 бабына және 509 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шымкент қаласы мәслихатының «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с шешіміне (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік Тізімінде №146591 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

қаз
Дата публикации
08 сентября 2022