Үкіметтік емeс ұйымдар байланыс саласы
Шымкент қаласында 563-тан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.
2022 жылға жоспар бойынша әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы 21 іс-шараға 185 316 139 тг қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда, 18 әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс жеңімпаздары анықталып, келісім шарт түзіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаламызда үкіметтік емес секторды дамыту және қолайлы жағдай жасау мақсатында «2021 жылдың 12 қазан күні «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы шеңберінде «Азаматтық ресурстық орталық» ашылды.
Аталған жобаның мақсаты: Шымкент қаласында Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау.
Міндеттері: үкіметтік емес секторды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, қаражат жинау және басқа да тақырыптар бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, іс-шараларды ұйымдастыру, пікірлер мен құзыреттермен алмасу үшін кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.