Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Сауда логистикалық орталығы маңындағы Агро-индустриалды аймақты инженерлік инфрақұрылым (ауыз су, табиғи газ, электр, кәріз, байланыс) жүйелерімен қамтамасыз етуге байланысты осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
  3. Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жұмабай Шаяхметов көшесі, №39 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
  4. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Н.Жунусбековке жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  5. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
қаз
Дата публикации
25 августа 2022