2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу

Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2022 жылдың 1 тамыздағы жоспар бойынша 287 350,0 теңге болса, нақты 333 035,1 млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 115,9%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 45 685,1 теңгеге артық орындалды.

Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:

-Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық- 2,3;

-Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық – 3,3есеге;

 

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.08.2020 жылға – жоспар бойынша 66 579,0 теңге жоспарланып, нақты 72 146,0 млн.теңгені құрап, 108,4%-ға орындалған.

1.08.2021 жылға– жоспар бойынша 77 418,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 90 443,2 млн.теңгені құрап, 116,8%-ға орындалған.

1.08.2022 жылға– жоспар бойынша 104 124,0 млн.теңге жоспарланып,нақты 141 104,5 млн. теңгені құрап,135,5%-ға орындалды.

Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда өзіндік кірістердіңжоспар-болжам 1,6 есеге артты, тиісінше түсімдердің нақты көлемі 1,9 есеге артты.

 

қаз
Дата публикации
26 августа 2022