Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық 2022 жылғы қаңтар-маусымға даму қорытындылары

Қала аумағының ауданы 1,2 мың шаршы км құрайды.

1.06.2022 ж. халық саны-1 124,8 мың адам. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 68,8%, өзбектер – 17,4%, орыстар – 8,2%, басқалар – 5,6%.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 433,6 млрд.теңге. 2021 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 110,1%.

2022 жылы Өңдеу өнеркәсібінде 52,3 млрд.теңге сомасына, 1043 жұмыс орнын құрумен, 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде жалпы сомасы 28,8 млрд.теңгеге 5 жоба іске асырылып, 465 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығында өндіріс 15,3% - ға төмендеді және 16,9 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 87,9 мың бірлік немесе тиісті 2021 жылға 126,4%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 164,8 млрд. теңге құрады немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 119,5%.

 

қаз
Дата публикации
29 июля 2022