Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысы.
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
- "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.