Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс  

"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін.
  2. Жергілікті атқарушы органдар үш ай ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиялары туралы ережені қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес бекітсін.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қаз
Дата публикации
26 июля 2022