Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы

Абай ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі бесінші ауданмен шектеседі.

Шекара Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, қаланың солтүстік шекарасы арқылы Түркістан облысы бағытымен магистральдық жолдан  өтіп, 10600 метр қашықтықта Бәйдібек би даңғылының қиылысына (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) дейін жетеді.

Одан әрі Бәйдібек би даңғылымен оңтүстік бағытта 10600 метр қашықтықта «Бозарық-3», «Бозарық», «Тұран», «Шымкент Сити», «Қайтпас-1», «Нұрсәт» шағын аудандары бойымен бұрылып, Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Одан әрі Ұ.Арғынбеков көшесімен батыс бағытқа бұрылып, 1440 метр қашықтықта Қ.Қазиев көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Қ.Қазиев көшесімен оңтүстік бағытта 850 метр қашықтықта «Самал-2» шағын ауданындағы О.Малқаров көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Одан әрі О.Малқаров көшесімен батыс бағытқа бұрылып, 1350 метр қашықтықта Қошқар ата өзенінің қиылысына дейін жетеді.

Одан әрі Қошқар ата өзені бойымен 2500 метр қашықтықта оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, солтүстікке қарай «Самал» базарын, «Қатынкөпір» шағын ауданын, «Агропром» шағын ауданы бойындағы мұсылман зиратын айналып өтіп, Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Әл-Фараби көшесімен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, 1300 метр қашықтықта Тамерлан тас жолының қиылысына дейін жетеді.

Темірлан тас жолы бойымен батыс бағытқа бұрылып, 240 метр қашықтықта Н.Табынбаев көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Н.Табынбаев көшесі бойымен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып,
1120 метр қашықтықта Ю.Гагарин көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Одан әрі Ю.Гагарин көшесімен батыс бағытта 390 метр қашықтықта «Қорғасын-1» және «Қорғасын-2» шағын аудандары бойымен Ақылбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.

қаз
Дата публикации
23 июня 2022