Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шымкент қаласында бесінші аудан құрылсын.
  2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және бесінші аудандарының шекаралары белгіленсін.
  3. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қаз
Дата публикации
23 июня 2022