Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- «Шымкент қаласында төртінші ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 2143 және Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 41/283-5с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мәслихатының бірлескен шешімінің 2-тармағы алып тасталсын.
- Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.