Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
- «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.