Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2021 жылдың 1 мамырға жоспар бойынша 143 179,4 млн.теңге болса, нақты 168 784,0 млн. теңгені құрап, есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 117,9%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 25 604,4 млн.теңгеге артық орындалды.
Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:
-Жеке табыс салығы – 2,7 есеге;
- Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар– 4,1 есеге;
- Акциздер- 3,9 есеге;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны – 3,7 есеге;
Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:
1.05.2020 жылға – жоспар бойынша 33 355,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 40 154,0 млн.теңгені құрап, 120,3%-ға орындалған.
1.05.2021 жылға – жоспар бойынша 43 440,7 млн.теңге жоспарланып, нақты 54 488,0 млн.теңгені құрап, 125,4%-ға орындалған.
1.05.2022 жылға – жоспар бойынша 55 849,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 68 505,3 млн. теңгені құрап, 122,6%-ға орындалды.
Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар - болжам 1,7 есеге артты, тиісінше түсімдердің нақты көлемі 1,7 есеге артты.