Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскурантын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 1-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына, «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17446 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскуранты бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
    • осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
    • осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қаз
Дата публикации
15 июня 2022