«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Ішкі талдау жүргізу обьектісінің толық атауы:

«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма).

 

Ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылғы 7 сәуірдегі №23-Ө бұйрығы негізінде 2022 жылдың І-тоқсаны бойынша басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискредициялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
қаз
Дата публикации
10 июня 2022