Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары негізінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (әрі қарай – Басқарма) 2022 жылғы 6 мамырдағы №101-ө бұйрығына байланысты басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
Басқарманың қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдамалық анықтама:
Басқармада жалпы штат саны – 103, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 48, нақты – 46, бос орын – 2, келісім шарт бойынша жалпы саны – 55, нақты – 50, бос орын – 5.
Басқарма 10 бөлімнен тұрады. Басқарманың құрылымдық бөлімдері «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-ө-м бұйрығына, «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығына, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығына, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына сәйкес 32 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Басқармадағы 10 бөлімнің ішінде жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын үйлестіру, мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс жөніндегі және көші қон және қандастармен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау кезеңі 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылдың 30 сәуіріне дейінгі кезең.