2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28043 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бекітілсін:

       1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары;

       2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі;

       3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі.

  1. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
қаз
Дата публикации
24 мая 2022