«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 02-09/337 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы Абай ауданы А. Жұбанов көшесі аумағындағы иттің құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
- Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 365 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27088 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.