Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №1266 «Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №1266 «Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3802 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж. Тажиеваға жүктелсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды жүзеге асыру қала әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                             М. Әйтенов

 

 

 

қаз
Дата публикации
03 мая 2022