2022-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласының әкімі

 

М. Әйтенов

 

 

қаз
Дата публикации
21 апреля 2022