2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

№

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы (Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған)

бас

70 000

1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;

2) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы;

3) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;

ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

Ағымдағы жылдың                        20 желтоқсанына дейін

2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;

2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;

ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

3

Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы                        18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;

2) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;

4

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1) өтінім берген сәтте (жасы                      18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;

5

Қойлардың аналық басы

бас

8 000

1) өтінім берген сәтте (жасы                      12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;

6

Жылқылардың аналық басы

бас

30 000

1) өтінім берген сәтте (жасы                     36 айдан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;

7

Шошқалардың аналық басы

бас

7 000

1) өтінім берген сәтте (жасы                         12 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы.

қаз
Дата публикации
21 апреля 2022