2022жылғы 1 сәуірге арналған Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуына шолу

Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2022 жылдың 1 сәуіргежоспар бойынша 96 708,2млн.теңге болса, нақты 114 999,3млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 118,9%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 18 291,2млн. теңгеге артық орындалды.

Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:

-Меншікке салынатын салықтар–1,0есеге;

-Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 1,9 есеге;

-Акциздер – 1,8 есеге;

- Салықтық емес түсімдер- 1,9 есеге.

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.04.2020жылға – жоспар бойынша 19 663,1млн.теңге жоспарланып, нақты 31 883,0млн.теңгені құрап,12 219,9 млн.теңгеге артық түсіп,101,3%-ға орындалған.

1.04.2021жылға– жоспар бойынша 31 451,8млн.теңге жоспарланып, нақты 36 477,4млн.теңгені құрап,5 025,6млн.теңгеге артық түсіп, 107,0%-ға орындалған.

1.04.2022жылға– жоспар бойынша 40 622,7млн.теңге жоспарланып,нақты42 860,0млн. теңгені құрап,2 237,3млн.теңгеге артық түсіп, 105,5%-ға орындалды.

Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда өзіндік кірістердіңжоспар-болжам 2,0есеге артты, тиісінше түсімдердің нақты көлемі 1,3есеге артты.

қаз
Дата публикации
21 апреля 2022