Бюджеттік бағдарлама басшысы: Әкім аппаратының басшысы - Г.П. Мауленкулов
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңы; «Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі» №939 Қаулысы»; «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы №646қбп қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 10 маусымдағы №388қбп қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 ақпандағы 2020 жылғы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі» №68 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығы. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуіріндегі № 561 қаулысы.