010 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы  – Г.П. Мауленкулов

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы; Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561 Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы   24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы; «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуіріндегі   №561 қаулысы.

Бюджеттiк бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың

мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әскерге шақыру пунктінің қызметін қамтамасыз ету.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды  қамтамасыз ететін ұйымдастыру жұмыстары 100%.

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар әскери борышын өтеу үшін азаматтырды шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған.

 

қаз
Дата публикации
18 апреля 2022