Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Мәуленқұлов Ғ.П.
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 17 наурыз 2015 жылғы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығы; Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №236 «Шымкент қаласы әкімі аппартының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы; «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуіріндегі № 561 қаулысы.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету
іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму- ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің материалдық-техникалық базаларын жабдықтау және кеңейту.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің материалдық-техникалық базасын 100% қамтамасыз ету.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің материалдық-техникалық базаларын жақсарту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу.