Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Мауленкулов Г.П.
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, ”Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы, «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17 наурыз 2015 жылғы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығы; «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуіріндегі № 561 қаулысы.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету
іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму- ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әкімі аппаратының материалдық-техникалық базасын жақсарту.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Шымкент қаласы әкімі аппаратының материалдық-техникалық базасын 100% қамтамасыз ету.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар негізгі құралдар алуға бағытталған.