2022 жылғы 1 наурызға арналған Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуына шолу

Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2022 жылдың 1 наурызға жоспар бойынша 63 264,5 млн.теңге болса, нақты 64 923,9 млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 102,6% немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 1 659,4 млн.теңгеге артық орындалды.

Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:

- Жерсалығы – 1,4 есеге;

-Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем – 1,7 есеге;

-Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж – 1,4 есеге;

 

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.03.2020 жылға – жоспар бойынша 7 822,2 млн.теңге жоспарланып, нақты 22 561,9 млн.теңгені құрап, 14 379,7 млн.теңгеге артық түсіп, 2,9 есеге орындалған.

1.03.2021 жылға– жоспар бойынша 15 659,9 млн.теңге жоспарланып, нақты 23 579,0 млн.теңгені құрап, 7 919,1 млн.теңгеге артық түсіп, 1,5 есеге орындалған.

1.03.2022 жылға–жоспар бойынша 29 451,7 млн.теңге жоспарланып, нақты 24 612,4 млн.теңгені құрап 83,6 % орындалды.    

Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжам 3,7 есеге азайды, ал тиісінше түсімдердің нақты көлемі 0,4 есеге азайды.

қаз
Дата публикации
18 марта 2022