Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы: 121 Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы: 011 «Аумақтық қорғанысты дайындау және Республикалық маңызы бар қаланың аумақтық қорғанысы»
Бюджеттiк бағдарламаның түрi:
мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру
iске асыру тәсiлiне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму: ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты:
Аумақтық қорғаныстың және қала ауқымындағы аумақтық қорғаныстың резервін жаңартып отыруды қамтамасыз ету.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаты:
Аумақтық қорғанысты даярлау және қала ауқымындағы аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар штаттан тыс қызметшілерге еңбек ақы төлеу. Аумақтық әскерлер әскери міндеттілерді патриотизмге, өз Отанына және оның Қарулы Күштеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.