Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №814 Жарлығы бекітілді. Онда «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлықтарына өзгерістер енгізіліп, үстіміздегі жылдың 23 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді.