«Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2021 жылға жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша анықтама

Шымкент    қаласы                                                       21 қаңтар 2022 жыл

 

Шымкент қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - Аппарат) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес миссиясына: қала әкімінің және әкімдігінің қызметін ұйымдастыру, Шымкент қаласы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» және Аппараттың 2021 жылғы 31 наурыздағы №179 бұйрығына сәйкес Аппарат бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Талдау) жүргізілді.

қаз
Дата публикации
02 марта 2022