Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №963 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №75 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов