Шымкент қаласының 2022 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Бiлiм туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.  Шымкент қаласының 2022 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.

4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласының әкімі                                             

 

     М. Әйтенов      

 

қаз
Дата публикации
01 марта 2022